«Отбасым – бақыт мекенім» атты дін мен дәстүр шарасы өтті 3470

«Отбасым – бақыт мекенім» атты дін мен дәстүр шарасы өтті

30 шілде 2024 1457 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы

 әйелдер орталығының ұйымдастыруымен 

«Дін және дәстүр» бағыты аясында іс-шара өтті. «Отбасым-бақыт мекенім» атты шарада қазақ дүниетанымындағы отбасыға қатысты құндылықтар  мен әйел адамның қоғамдағы әрі жанұядағы орны туралы маңызды ақпараттар айтылды. 

Шараға ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар»  секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, РАТТ мүшесі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы Ақтолқын Орысбайқызы және Қобда аудандық мешітінің ұстазы Баян Мергенғалиқызы арнайы қатысып, тақырып төңірегінде уағыз-насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. 

Айта кетейік, іс-шараға 30-ға жуық қыз-келіншектер қатысып,  пайдалы басқасудан ерекше әсер алды.