"Бақытжан" мешіті әйел жамағаты 40-шы мектепке барып 55 отбасыны қуантты
Ел басына қиын-қыстау кезеңінде "Әр қазақ менің жалғызым" дегенді ұран еткен "Бақытжан" мешіті әйел жамағаты қаламыздағы 40 ншы мектепте орналасқан 55 отбасыға қажетті азық-түлік, жеміс-жидектер, тазалыққа қажетті құралдар, жылы шұлықтар апарып қуантты.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл". Балалар қуанып, мәз-мейрам боп, халық ризашылықтарын айтып алғыстарын жаудырды.