Төлеби ОСПАН: «АЗАН ЖАРЫСЫ – АВТОРЛЫҚ ЖОБАМ»
Жуырда Ақтөбеде «Әдемі әуезді азаншы» атты ІІІ Республикалық азаншылар жарысы өтті. Байқау алғаш рет 2009 жылы Астана қаласында өткен болатын. Тың жобаның авторы – Төлеби Оспан. Ол сол жылдары «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған. 2014 жылы оңтүстік астанамыз Алматыда оның жобасына жалауы қайта желбіреді. Енді, міне, үшінші рет облыстық «Нұр Ғасыр» мешіттің он жылдық мерейтойына орай Ақтөбеде өтіп отыр. Бірегей жобаның басты мақсаты қандай? Осы жөнінде жоба авторы, Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби қажы Дәділұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.





































