МҰСЫЛМАННЫҢ МҰСЫЛМАН АЛДЫНДАҒЫ АҚЫСЫ
Асыл дініміз Ислам мұсылмандардың өзара туыс екендіктерін айтып, олардың арасына белгілі бір ақы бекітті. Мұсылмандар өзара қарым-қатынаста осы ақыға мән беру арқылы олардың арасындағы бауырмалдық пен бірлік одан әрі артып, сүйіспеншіліктері де нығайы түседі.



































