Мақалалар
30 June 2023 244
МЕШІТ ӘДЕБІ

Мешіт – Алла Тағалаға құлшылық жасалатын, мұсылманның жүрегінен ерекше орын алатын қасиетті мекен. «Мешіт» сөзі араб тілінде «мәсжидун» – сәждеге бас қоятын орын деген мағынаны білдіреді. Себебі біз намаз оқығанда маңдайымызды сәждеге қойып, Алла Тағалаға бас иеміз.

Мақалалар
26 June 2023 166
МҰСЫЛМАННЫҢ САБЫРЫ СЫНАЛАТЫН САПАР

Ал­маты халықаралық әуежайынан қажылардың алғашқы легін қа­сиет­ті мекенге шығарып салдық. Биыл елімізден 4 000 адам қажы­лық парызын өтейді. Қажыларға 18 қажылық фирмасы қызмет көрсетеді.

Қажылық
26 June 2023 27095
ҚАЖЫЛЫҚ ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛАДЫ?

Қажылық сөзі араб тілінде «құрметті орынды зиярат ету», «жүздену» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы мағынасы – белгіленген арнайы орынға белгіленген уақытта, белгіленген амалдарды орындау арқылы зиярат ету.

Мақалалар
23 June 2023 216
ҚАСИЕТТІ ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

Мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі, қасиетті Құрбан айтқа да санаулы күндер қалды. Әрбір мұсылман бұл қасиетті күндерді асыға күтіп, жағдайы келген адам құрбан шалып, айт мерекесімен өзгелерді құттықтап, қайырымды істер атқаруға тырысады.

Мақалалар
23 June 2023 173
ҚҰРБАН АЙТ – МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

Алла қаласа, 28 маусымда Құрбан айт мерекесі басталады. Мұсылмандардың екі ұлық мерекесінің бірі – Құрбан айт күні қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.

Мақалалар
22 June 2023 176
АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ ҚОШТАСУ ҚАЖЫЛЫҒЫ

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға қоныс аударғанына тоғыз жылдан асқан еді. Меккенің ашылуымен Ислам нұры бүкіл араб жазирасына тарап, адамдар асыл дінімізді қабылдау үшін Мәдина қаласына жан-жақтан ағылып жатқан болатын. Ұлы хикмет иесі Жаратушы Алла кемел діннің соңғы кірпіші ретінде хижреттің 9-жылы мұсылмандарға қажылық құлшылығын парыз етті.

Мақалалар
20 June 2023 173
ТҰЛАБОЙЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕП, ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕДІ

Бүгінде мұсылман үмбеті ұлы сапар – қажылық парызын өтеуге рухани тұрғыдан дайындалуда. Бұл – ішкі ойыңды, тіпті өміріңді өзгертетін теңдессіз құлшылық, хикметі мен пайдасы мол сапар. Осы ретте сапар сабақтары жайлы ой қозғауды жөн көрдік.

Мақалалар
19 June 2023 159
ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ?

Құрбандық шалу адамзат тарихымен бірге басталған үрдіс. Адамзаттың атасы Адам атаның ұлдары Абыл мен Қабылдың арасында орын алған дау құрбандық беру арқылы шешілген. Біз мұны Құран аяттары мен хадистерде баяндалған қиссалардан білеміз. Жалпы, Құран Кәрімде құрбандық шалу оқиғалары туралы бірнеше жерде айтылған

Мақалалар
16 June 2023 209
ҚАЖЫЛЫҚ – БЕС ПАРЫЗДЫҢ БІРІ

Исламның бес тірегінің бірі – қажылық құлшылығы. «Қажылық» الحَجُّ (әл-хажжу) сөзі араб тілінде «құрметті орынды зиярат ету» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғатымызда ай күнтізбесі бойынша зул-хижжа айында Алла Тағалаға құлшылық ету үшін қасиетті Меккеге барып, бекітілген рәсімдерді орындауды қажылық деп атаймыз.

Мақалалар
16 June 2023 283
БАЛАНЫ НЕШЕ ЖАСЫНДА СҮНДЕТТЕУ КЕРЕК?

Сүндеттеу – Ислам дінінде әрі қазақ дәстүрінде ер баланың жыныс мүшесін жауып тұрған тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Араб тілінде «әл-хитан», медицина тілінде «циркумцизия» деп аталады.

Мақалалар
16 June 2023 191
ШАРИҒАТ АУКЦИОНҒА ҚАТЫСУДЫ ҚҰПТАЙ МА?

Аукцион (лат. аuctіo – бәсеке сауда) – көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда. Жұмһур ғалымдар сауданың бұл түріне рұқсат береді (Сарахси, «Әл-Мәбсут», 15/138. Тахауи, «Мухтасар ихтиләфи әл-уләмә», 3/60. «Хәшияту әл-Адуа әлә кифәяти әт-тәлиби әр-рәббани», 2/137. Ибн Хажар әл-Һәйтәми, «Тухфәту әл-мухтаж», 4/313. Әл-Бәһути, «Кәшшәфу әл-қаннағ», 3/183.