Мақалалар
04 May 2023 147
АДАЛ РИЗЫҚ ЖӘНЕ АДАЛ КӘСІПКЕРЛІК

Алла Тағала жер бетінде сансыз нығмет жаратып, оларды адамзат баласының игілігіне тарту етті. Әр уақыт пайғамбарлар жіберіп, адамзатқа ненің адал, ненің арам екендігін үйретті. Адам баласы бұл сынақ өмірде Жаратушымыздың біздер үшін адал еткен несібесінен пайдаланып, арам атаулыдан бойын аулақ ұстауы қажет

Мақалалар
04 May 2023 188
КЕШІРІМДІ БОЛСАҢ – ЖӘННАТҚА ЖЕТЕСІҢ

Мұсылман адамның бойынан табылуы тиіс ізгі сипаттардың бірі – кешірімділік. Өмірде кемшіліксіз адам болмайтындығын ескеретін болсақ, отбасы мүшелерінің, туыстардың, дос-жарандардың, қызметтес адамдардың қарым-қатынасында осы кешірімділік сипаты аса қажет. Себебі адамдардың теріс мінез-құлықтарына сабыр ету, кешіріммен қарау адами байланысты үзіп алмау үшін аса маңызды

Мақалалар
04 May 2023 133
АТ ТЕРГЕУДІҢ АСТАРЫНДА НЕ БАР?

«...Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр! Білемені жанымаға жанып-жанып, тез келіңіздер!..» Бұл – Өзенбай мен Қамысбай, Қойлыбай мен Қасқырбай, Қайрақбай мен Пышақбай деген қайнағаларының атын атай алмай, қорадағы қойға қасқыр шапқанын көріп, көмекке шақырған келіннің тауып айтқан сөзі. Ат тергеуге қатысты әңгіме бола қалса, осы тауып айтылған сөз бірден ойға келеді.

Мақалалар
03 May 2023 187
ӨЗГЕНІ ҚУАНТУ – САУАПТЫ ІС

Ислам діні құлшылықта, адамдармен қарым-қатынаста жеңілдікті ұстанады. Себебі әрдайым үрейлендіру, қиыншылық тудыру, дінді ауырлату адамның еңсесін түсіріп, жігерсіз қылады.

Мақалалар
01 May 2023 226
ЖҮРЕКТІҢ ДЕРТІ

Қоғамдағы проблемалардың басым көпшілігі адамдардың жүрегіне және оның дерттеріне байланысты.

Мақалалар
01 May 2023 137
ДЕШТІ ҚЫПШАҚТЫҢ ДАРА ПЕРЗЕНТІ – БЕЙБАРЫС СҰЛТАН

Қос харамның қорғаны болған Бейбарыс сұлтанның туғанына биыл 800 жыл толып отыр. Баба ерлігін ұлықтап, еңбектерін жас ұрпаққа паш ету мақсатында бабамыздың ата қонысы Атырау топырағында «Ұлы дала барысы – Бейбарыс сұлтан» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіздік.

Жаңалықтар
17 April 2023 232
ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

Бас мүфти: Расында, Рамазан айының қасиетті болуының ұлы ерекшеліктерінің бірі – Қадір түнінде тағдырдың жазылуы. Ал Қадір түнінің қасиетті болуының мәні – адамзат баласын екі дүние бақытына жетелеуші қасиетті кітабымыз Құранның түсуі. Бұған тұтастай осы қасиетті түнге қатысты баяндалған «Қадір» сүресі дәлел болады.

Мақалалар
12 April 2023 429
МҰСЫЛМАНДЫҚ НЕКЕ – ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС!

Қасиетті Құранда: «Біз әр нәрсені жұп қылып жараттық» (Зарият сүресі, 49-аят), — деген аят бар. Жалғыздық тек Аллаға ғана жарасқандығын ескерсек, жасы жеткен әр адамның өз сыңарын тауып, некелескені абзал іс саналады.

Мақалалар
04 April 2023 147
ОРАЗА – ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ

Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан – Алла Тағаланың мейірімі түсетін берекелі ай. Сондықтан исі мұсылман баласы бұл айды асыға күтеді. Біз осы айда ізгі амалдарды жүзеге асыру арқылы Алла Тағалаға жақындай түсеміз.

Мақалалар
04 April 2023 156
ТӘКПІРШІЛДЕР НЕМЕСЕ ЖИХАДШЫЛАР

Бұл топтың шығуына өткен ғасырда 1965 жылы Мысыр елінде «Мұсылман бауырлар» ұйымының идеологы Сәйд Құтып пен оның біраз жақтастарының президент Жамал Әбіднасырдың бұйрығы бойынша өлім жазасына кесілуінен кейінгі түрмелерде орын алған толқулар себеп болды. Ел басшылығы ол толқуды басу үшін күш қолданды.

Мақалалар
03 April 2023 136
САҚТАНДЫРУДЫҢ ҮКІМІ

Сақтандыру – сақтанушының мүдделері мен мүліктерін белгілі оқиғалардың (сақтандыру жағдайларының) орын алуынан қорғауға арналған жүйе.