Жаңалықтар
29 қыркүйек 2024 359
Зекет өкілі мен еріктілерді Бас мүфти марапаттады

ҚМДБ-на қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» ІІІ республикалық еріктілер форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл көктемдегі су тасқыны кезінде тұрғындарға жәрдемші болған еріктілер мен зекет өкілдерін алғыс хатпен марапаттады. Олардың ішінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінен зекет өкілі Алмат Әли және еріктілер Ержан Мизамов, Жасұлан Балабаев, Жеңісбек Еншібайұлы, Ұшқанберді Төлеген, Нығметов Асылбек бар.

Жаңалықтар
25 қазан 2023 887
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Республика күні – рухымызды көтеріп, егемен елдің еңсесін тіктейтін сәт. Бұл ретте өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Өйткені егемендік – ел үшін жанын берген ерлердің ерлігімен келген ұлы күн. Оны бүгінгі ұрпақ ұмытпауға тиіс.

Жаңалықтар
15 қыркүйек 2023 10685
МӘУЛІТ АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

Бас мүфти: Мәуліт айы – Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін, сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі. Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат айтылып, мәуліт жыры оқылады.

Жаңалықтар
22 наурыз 2023 4109
РАМАЗАН – РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ АЙЫ

Бас мүфти: Рамазан айының қадірі мен қасиетін терең түсінген ізгілер оразаға алты ай қалған сәттен бастап: «Раббымыз, бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға жасаған. Сан ғасырдан бері Ислам дінін рухани тірегі еткен халқымыз берекелі Рамазан айын ерекше дайындықпен күтеді.

Жаңалықтар
02 наурыз 2023 639
Дін мамандары марапатталды

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Марал Ермекбайұлы, Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов пен аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Бөлекбаев Нұрсұлтан, ал Хромтау ауданына қарасты Ақжар ауылдық мешітің имамдары Ахметқалиұлы Қашақбай және Жағыпаров Нұрхан, Бөгетсай ауылдық «Ақ-Нұр» мешітінің имамы Аққазыұлы Жомарт және ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі 12 әйел ұстаз бен республикалық «Мұнара тв» телеарнасының тілшісі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова алғыс хатпен марапатталды.