Зекет өкілі мен еріктілерді Бас мүфти марапаттады 3747

Зекет өкілі мен еріктілерді Бас мүфти марапаттады

29 қыркүйек 2024 251 Оқу 1 минут

ҚМДБ-на қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» ІІІ республикалық еріктілер форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл көктемдегі су тасқыны кезінде тұрғындарға жәрдемші болған еріктілер мен зекет өкілдерін алғыс хатпен марапаттады. Олардың ішінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінен зекет өкілі Алмат Әли және еріктілер Ержан Мизамов, Жасұлан Балабаев, Жеңісбек Еншібайұлы, Ұшқанберді Төлеген, Нығметов Асылбек бар.

«Сіз еліміздің кейбір аймақтарында орын алған алапат су тасқыны салдарынан зардап шеккен отандастарымызға көмек қолын созып, нағыз еріктіге тән ерлік көрсеттіңіз. Сол секілді мүфтияттың қайырымдылық іс-шараларында белсенділік танытып, өзгелерге үлгі боларлық ісіңіз үшін айрықша алғысымды білдіремін. Алла сізге разы болсын!» делінген алғыс хатта.

Айта кетсек, Темір, Ойыл, Мәртөк, Қобда аудандарындағы еріктілер марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі