«Сүлеймен ата» мешіті: «Имани жаз – 2023» жазғы сауат ашу курсының 1-ші легі қортындыланды
Ақтөбе қаласындағы «Сүлеймен ата» мешітінде «Имани жаз – 2023» жазғы сауат ашу курсының 1-ші легі қортындыланды.
Ақтөбе қаласындағы «Сүлеймен ата» мешітінде «Имани жаз – 2023» жазғы сауат ашу курсының 1-ші легі қортындыланды.
Бүгін Құрбан айттың үшінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2023» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 16 іс-шара ұйымдастырылып, 84 қой, 18 ірі қара құрбандыққа шалынып, 347 отбасы мен 3 мекемеге жеткізіліп, 5 тонна 530 кг құрбандық еті үлестірілді.
Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы көпбалалы, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі отбасыларды, жалғыз басты аналарды Құрбан айтпен құттықтады.
Бүгін ұлық мерекені ұлықтау мақсатында Құрбан айттың екінші күніне орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш рет Ақтөбе облысының әйел жамағатына арналған Құран жарысы өтті.
Бүгін, Құрбан айттың бірінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2023» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 21 іс-шара ұйымдастырылып, 29 ірі қара, 588 қой, 1 түйе құрбандыққа шалынып, 3530 отбасыға жеткізіліп, 17 тонна 650 кг құрбандық еті үлестірілді.
Жер бетіндегі барша мұсылман қауым үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Құрбан айт мейрамына орай айт намазына 45 000 адам жиналып, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі жоғары деңгейде атап өтті.
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешіті жанынан ашылған «Имани жаз – 2023» жазғы лагерінің аяқталуына орай ұстаз Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті.
Шалқар ауданында әйел жамағаты арасында «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» атты интеллектуалды білім сайысы өтіп, ауданындағы мешіттерде білім алып жатқан үздік шәкірттерден құралған 2 топ сайысқа түсті.
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары жазғы сауат ашу курсындағы 30 шәкіртке табиғат аясында серуен ұйымдастырды.
Ақтөбе қаласы, «Бақытжан» мешіті ұстазы А.Қойшығұлованың ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Әйел әдебімен әдемі» атты семинар өткізілді.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітімізде қоғамды салауатты өмір салтына насихаттайтын іс-шаралар қатары толықтырылды.
Шалқар ауданының #6 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-11сынып оқушыларына арналған «Өмір құндылықтары» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» (р.а) мешітінде әйел жамағатына ауызашар дастарханы жайылды.
«Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен әйел жамағаты мен еріктілер қасиетті Қадір түніне орай Ақтөбе қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті Университеті жанынан ашылған даярлық курсының шәкірттеріне ауыашар жасады.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында «Құран түскен құтты ай» атты іс-шара өтті.