Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті 3022

Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті

24 қазан 2023 188 Оқу 1 минут

25 қазан – Республика күніне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті.

Аталған шараға ұйытқы болған Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстаздары Назерке Айбекқызы және Жұлдыз Алдаберген жәрмеңкенің маңызы туралы: «Шара барысында ұлттық тағамдарымыздың құндылығы мен құнарлығын әр келген адамға түсіндіріп, мейлінше табиғи төл асты тұтынуды насихаттап өттік. Бойымыздағы қазақылық сипаттардың өшпей тұруына да өзіміздің ұлттық астарымыздың рөлі зор»- деп атап өтті.

Одан өзге мереке қарсаңында көпшілікке көңіл-күй сыйлау мақсатында 100 дана еліміздің асыл байрағы, көк туымыз тарту етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі