Әйел ұстаздарға арналған семинар өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешіті мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен әйел ұстаздарға арналған семинар өтті. Бұл басқосу дін жолындағы ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттырып, қоғамда дұрыс діни түсінікті қалыптастыруға бағытталды.





































