Облыстың Бас имамы «Ақтөбе облысынан шыққан дін қайраткерлері» тақырыбында   баяндама жасады 1609

Облыстың Бас имамы «Ақтөбе облысынан шыққан дін қайраткерлері» тақырыбында баяндама жасады

29 сәуір 2022 156 Оқу 1 минут

 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Ресей билігі және Қазақстандағы мұсылман» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтіп, оған облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қатысты. 

Семинар барысында тарихшы, дін мамандары, ғалымдар, профессор-оқытушылары мен білім алушылар бас қосып, саяси билік және қазақ қоғамындағы дін мәселесі жайында талқылады. Ғылыми семинарда профессор Бибігүл Абенова «Ресей империясының мұсылмандықты шектеу бағытындағы саясаты» тақырыбына тоқталса, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы діни ахуал, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Ақтөбе облысынан шыққан дін қайраткерлері» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Купенова ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей империясының этносаясаты төңірегінде кеңінен мағлұмат берді. Ал тарихшы-ғалым Рахым Бекназаров Ырғыз өңірінің тарихындағы Исатай мешіті туралы мәліметтерді тарихи деректер арқылы көрсетті. Сонымен қатар тарих ғылымдарының кандидаты Дәулет Абенов Досжан Ишанның діни ағартушылық қызметі жөніндегі ғылыми тұжырымдамасымен бөлісті.
Шара қортындысында ғалымдар сөз болған мәселелерге қатысты өз көзқарастарын ортаға салып, өткен ғылыми жолдары туралы әңгімеледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі