Ауған соғысы ардагерлеріне қайырымдылық жасалды
Республика күні және мүмкіндігі шектеулі жандардың күнінің құрметіне орай Ақтөбе облыстық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер қоғамы және ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілінің ұйымдастыруымен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде 40 мүмкіндігі шектеулі азаматқа азық-түлікке толы қоржындар таратты. Аталған ұйымның төрағасы мерекемен құттықтап, азаматтардың еңбектері туралы сөз қозғап, ерекше жүрекжарды тілегін айтты. Сондай-ақ қайырымдылық қорының өкілі, облыстық мешіттің наиб имамы Алмат Әли ауған соғысында қаза тапқан марқұмдардың рухтарына Құран аяттарын бағыштап, артында қалған отбастарына берекет тіледі.
Ұйымдастырушылар игілікті іске демеуші болған жаны жомарт азаматтарға алғыстарын айтты.