«Жақсылықта жарысайық» атты жәрмеңке өтті
ҚМДБ төрағасы муфти хазрет Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Ақтөбе облысы "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен "Жақсылықта жарысайық!"атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге 8 мешіт катысып жалпы саны 862 421 теңге қаражат жиналды.
Атап айтсақ:
"Нұр Ғасыр" мешіті - 226 500
Ақтөбе калалық мешіті-140 000
Шалқар аудандық"Матай Қоқанұлы" мешіті- 118 329
"Бақытжан" мешіті- 120 000
"Қабақ баба" мешіті- 109 263
"Хазреті Біләл" мешіті - 30 000
Қобда аудандық "Шәріп молда мешіті" - 50 000
Байғанин аудандық мешіті- 69 321 теңге
Жиналған қаржы толығымен су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жұмсалатын болады.
Осы шараға ұйытқы болған дін қызметкерлеріне және қолдау көрсеткен барша жамағатқа алғысымыз шексіз.