«Бір тал кессең, он тал ек» атты жасыл желек отырғызу акциясы өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастырумен «Бір тал кессең, он тал ек» атты жасыл желек отырғызу акциясы өтті. Шараны мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы бастап, барлық ұжым атсалысты.
Мақсат «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген бабаларымыздың ұстанымына сәйкес, мешіт айналасына көрік беріп әрі келер жастарға ағаш егудің сауабы мен пайдасын насихат қылу.
Акция аясында мешіт ауласына 15 түп жеміс-жидек ағаштары отырғызылып, басталған істің берекелі болуын тілеп ақсақал аталар батасын берді.
Аталған игі іске қатысты ардақты Пайғамбарымыз ( с.ғ.с): бір хадисінде « «Қайсыбір мұсылман ағаш көшетін отырғызса, немесе егін ексе, кейін оның жемісінен адам жесе де, құс шұқыса да, мал жесе де, ол үшін садақа болып жазылып тұрады,»-деп оның қаншалықты үзілмейтін жақсылық екендігін түсіндіріп Алла Елшісінің (с.ғ.с) өзі де заманында абаттандыру ісіне көңіл бөліп, соғыс кездерінің өзінде ағаштарды сындырып, қиратуға тыйым салған.