«Жастар тәрбиесі тал бесіктен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Бүгін Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Жастар тәрбиесі тал бесіктен» тақырыбындағы дөңгелек үстелге ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі. ұстаз Кенжегүл Кошкарова мен облыстық орталық мешіттің баспасөз хатшысы, журналист Ақтолқын Тажикова қатысты.
Аталған іс-шарада №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы, №36 орта мектебінің оқушылары мен кітапханашылар және оқырмандар дөңгелек үстелдің қонақтарына дін мен дәстүр аясындағы сауалдарын қойып, өзекті мәселеге тұщымды жауап алды.
Сонымен қатар Кенжегүл Кошкарова қоғамағы дін мен дәстүрдің сабақтастығына тоқталып, жат ағымдардан қалай сақтану туралы атап өтті. Ал Ақтолқын Тажикова жасөспірімдерге әлеуметтік желінің әдебі мен әлегін талдау негізіндегі зерттемені ұсынып, діни сенімді ақпарат көздерін қайдан алу жөнінде ақпараттар берді.
Іс-шара «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» тақырыбында кітап көрмемен жалғасын тапты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі