«Нұр Ғасыр» мешітінде сенбілік жалғасты
Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен кезекті сенбілік өтті.
Мешіт қызметкерлері облыстық орталық мешітінің ауласын тазалады.
«Дана халқымыз: «Таза табиғат – халық байлығы» демекші, табиғатта тірі организм. Сондай-ақ тазалық – иманның жартысы екенін ұмытпай, өлкеміздің тазалығы кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмауы керек,- деді облыстың Бас имамы. Аталған сенбілік жұмыстары 2 ай жалғасын табады.
Айта кетсек, мешіт ұжымы осы бейсенбі күні тонның ішкі бауындай бірлесе сенбілік атқарды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі