Ырғыз: Облыстың Бас имамы Ақпарат және қоғамдық даму министрімен кездесті
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров іс-сапармен Ырғыз ауданына келді.
Сапар барысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы жергілікті діни ахуалдың жай-күйіне, өңірдегі дін қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына тоқталып, сонымен қатар дін мамандарын таныстырып өтті.
Одан өзге министр Асқар Қуанышұлы облыстағы дін мәселері бойынша түйіткілді мәселерді шешу жолдарында қолдау білдіретінін айта келе, мамандардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету жолдары қарастырылатындығы туралы тілге тиек етті. Сонымен қатар кездесуде жат ағымның алдын алуға байланысты нұсқаулықтар баяндалып, мешіт жамағат тарапынан мектепте орамал тағуға байланысты сауалға жауап беріп, зайырлы мемлекет болғандықтан орамалды мектепте тағуға рұқсат жоқ, бірақ кәмелеттік жасқа толған адамдар орамалмен кез келген жерге қызметке орналасуға болатындығын айтып өтті.
Кездесу соңында Облыстың Бас имамы ата-баба рухына Құран бағыштап, еліміздің амандығы үшін дұға жасады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі