Облыстың Бас имамы Қобда ауданының әкімімен кездесті
Қобда ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев аудан әкімі Ізгілік Досмұратұлымен кездесті.
Кездесу барысында облыстың бас имамына аудан басшысы өңірдегі діни ахуалды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен таныстырды.
Сонымен қатар Облыстың бас имамы алдағы жоспарларымен бөлісіп, өңірдегі діни ахуалды жақсарту үшін білімді, тәжірибелі дін мамандарын тартудың маңызына тоқталды.
Аудан әкімі ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға әрқашан мүдделі екенін жеткізді.
Басқосуда жастарды деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясынан сақтандыру, өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу мәселесі сөз болды.
Облыстың Бас имамы «Мүфтият» баспасынан шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын аудан әкіміне сыйға тарту етті.
Кездесу соңында тараптар игі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға келісті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі