Ырғыз ауданы тағы бір білікті діни маманмен толықты
Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құрылыс ауылдық мешітіне жаңа имам тағайындалды. Бұған дейін ауыл молдасы қызметін атқарып келген Шағанов Қази ақсақалға Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби қажы Оспанның алғыс хаты табысталып, иығына шапан жабылды.
Жаңа имам – Азамат Азизұлын Ырғыз ауданының Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы жұмаға жиналған ауыл халқына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Азамат Азизұлы – 2015-2018 жылдары Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжін тәмамдап, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы мешіттерде 2 жылдан астам уақыт имамдық қызмет атқарған жас әрі білікті маман.
Сондықтан, алдағы уақытта ауыл халқымен етене араласып, дініміздің өркендеп, ауыл жастарының өмірлік жолдарын адаспай табуына аянбай қызмет етеді деген сенім артылып отыр. Өз кезегінде ауыл халқы да дін қызметкерін бауырына басып, игі істеріне қолдау көрсетеді деп үміттенеміз.
Ырғыз аудандық мешітінің баспасөз қызметі