Ақтөбеде тарауих намазына 27 мыңға жуық адам қатысуда
ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігіне қарасты облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық мешіттерде күнделікті тарауих намаздарына жергілікті жамағат ықыласпен қатысуда. Көпшілік мешіттер арнайы Құран жаттаған қарилардың артында тұрып, Құран хатым қылып намаздарын оқып жатыр. Шамамен облыс бойынша тарауих намаздарына 27 мыңға жуық адам қатысуда.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі