Мешіт жамағаты берекелі дастархан басында басқосты
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті «Ихсан және насихат» бағыты аясында уағыз-насихат ұйымдастырып, мешіт жамағаты берекелі дастархан басында басқосты.
Игі шарада Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев «Аманатқа берік болу» тақырыбында жиналған жамағатқа насихат айтты.
Сондай – ақ имам Асан Жетписбаев Исламдағы аманат ұғымы, оның маңызы мен түрлеріне жеке-жеке тоқталып, ғибрат аларлық оқиғалармен тақырып аясын аша түсті.
Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани отырыс соңында жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі