«ТӘУЕЛСІЗ BALL» атты волейболдан турнирінің жеңімпазы – ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі
Облыстық дін істері басқармасының тапсырмасы бойынша «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «ТӘУЕЛСІЗ BALL» атты волейболдан турнир өтіп, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі жеңімпаз атанды.
Өңірдегі конфессияаралық және қоғамдық келісімді нығайту мақсатында өткен турнирге ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Өмір бұлағы» христиан Евангелиялық елуіншілер шіркеуін, «Жетінші күн адвентистері» шіркеуіне және кришна санасының қоғамынан командалар қатысты.
Жеребе қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлініп, олардың жеңімпаздары финалда жүлделі орындарға таласты. Бәсекелестік турнирдің қорытындысы бойынша І орынды ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, ІІ «Өмір бұлағы» христиан Евангелиялық елуіншілер шіркеуінің өкілдері, ал үшінші орынды «Жетінші күн адвентистері» шіркеуі иеленді.
Айта кетейік, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінен қатысқан команданың жетекшісі «Бақытжан» мешітінің бас имамы Ержан Мизамов. Жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз аласырмасын!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі