Хромтау: Ихсан ілімі насихатталды 672

Хромтау: Ихсан ілімі насихатталды

21 маусым 2021 148 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның биылғы негізгі жеті жұмыс бағыттарының бірі – «Ихсан – Рухани тәрбие негізі». Осыаған орай, Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде құптан намазында мешіт Бас имамы Ерік Қонақбайұлы «Ихсан ілімі - рухани кемелдену жолы» тақырыбында уағыз өткізді.

«Ихсан» сөздік мағынасында – жақсылық жасау, қайырымдылық ету болса, ал, терминдік мағынада – Аллаға құлшылық етуде оны көрініп тұрғандай сезініп, бар ынта-ықыласпен орындау дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, Алла Тағаланың бір Өзіне құлшылық ету барысында Алла Тағаланы көріп тұрғаныңдай, егер бұлай ету қолыңнан келмесе, Ол сенің не істегеніңнің бәрін түгел көріп тұрғанын есіңе алып, кемел ықыласта болуың.

Жиында жастардың сұрақтарына жауап берілді.


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті