Наиб имам «Құрбан айт және ұлттық құндылықтар» тақырыбында сұхбат берді 6393

Наиб имам «Құрбан айт және ұлттық құндылықтар» тақырыбында сұхбат берді

27 мамыр 2026 26 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Қанат Қасымов Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Қайырлы таң, Ақтөбе!» телебағдарламасына қатысып, «Құрбан айт және ұлттық құндылықтар» тақырыбында сұхбат берді.

Бағдарлама барысында наиб имам Құрбан айттың мұсылман қауымы үшін маңызына тоқталып, мерекенің адамды мейірімділікке, бауырмалдыққа және жанашырлыққа тәрбиелейтін рухани мәнін атап өтті. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрі мен ислам құндылықтарының өзара сабақтастығы жайында айтып, ұлттық тәрбиенің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

Одан өзге құрбан шалудың шариғи талаптары, мұқтаж жандарға көмек көрсету, туыстық қарым-қатынасты нығайту секілді Құрбан айттың негізгі ерекшеліктері кеңінен баяндады.

Сұхбат соңында барша жамағатты қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, елге амандық, береке және бірлік тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі