Ақтөбе: Зекет қоры директоры 2 550 000 теңгенің қаржылай сертификатын табыстады
РАНТ мүшесі, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Ақтөбе облысына арнайы іс сапармен келді.
Жұмыс сапары барысында РАНТ мүшесі облыстық орталық Нұр Ғасыр» мешітінде жамағатқа «Пайғамбарларға иман келтіру» тақырыбы аясында жұма уағызын айтты.
Сонымен қатар ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында Түркия елінде ем алып, көзіне ота жасау үшін сырқат жанға 1 500 000 теңге сертификатын табыс етті.
Одан өзге «Жас маманды қолдау» акциясы аясында Ақтөбе қаласы, «Әс-Сәләм» мешітіне жаңадан тағайындалған наиб имамға 350 000 теңге, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенті, Ақтөбелік шәкіртке 200 000 теңге және Мысыр елі, «Әл-Әзһар» университетінде білім алып жатқан ақтөбелік шәкіртке 500 000 теңге шәкіртақы сертификатын табыстады. Жалпы 2 550 000 теңге
Игі іске атсалысқан барша жомарт жандарға Алла разы болып, кәсіптеріне береке берсін деп тілейміз!
Айта кетсек, іс сапар аясында «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев «Зекет — бес парыздың бірі» атты Ақтөбе имамдарына семинар өтті. «Еріктілердің исламдағы орны» атты тақырыпта Ақтөбе облысының еріктілерімен кездесті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































