27 Сафар
«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры еріктілермен кездесті 4659

«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры еріктілермен кездесті

04 шілде 2025 72 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Ақтөбе облысына арнайы келген жұмыс сапары барысында Ақтөбе облысының еріктілерімен кездесті. 

«Еріктілердің исламдағы орны» атты кездесу барысында Мақсатбек Қайырғалиев қордың құрылымы мен жұмыстарын таныстырды. Бүгінге дейін атқарылған қор жұмыстарына шолу жасады. Осы салада атқарылып жатқан жұмыстар мен жобаларға тоқталды. Қордың жұмысының жандандыру барысында еріктілердің рөлі аза зор екенін атап өтті.

Сонымен қатар РАНТ мүшесі осы саладағы өзге елдердің жұмыстарымен салыстырып, қор қызметін оңтайландыру мәселелері жайлы да айтып өтіп, қайырымдылық жаршылары еріктілер тобының қоғамдағы орнын айтты.

Еріктілерде көкейлеріндегі сауалдарын қойып, зекет пен садақа төңірегінде шариғи білімдерін жетілдіре түсті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітіің баспасөз қызметі