Ақтөбе имамдары балаларды қуандырды
Ислам дінінде балалар мен оларға жасалатын мәміле ерекше мәнге ие. Алла елшісінің (с.ғ.с.) хадистерінде де балаларды қуантып, оларға дұрыс тәрбие беру үшін көрсетілген бағыт-бағдарлы оқиғалар мен сөздер көп.
Осыған орай, бүгін «1 маусым балаларды қорғау күнінде» Ақтөбе облысының қала және аудан мешіттерінің аулаларында жоғары деңгейде мерекелік іс-шаралар жасалды. Бүлдіршіндер мен оқушыларға мешіт имамдары жан-жақты қызмет жасап, көтеріңкі көңіл сыйлады.
Ақтөбе қаласындағы Қабақ баба, Бақытжан мешіттері және Қобда, Хромтау, Ырғыз, Мұғалжар аудандық, Айшуақ ауылдық мешіттерінің діни қызметкерлері балалар мен биылғы оқу жылында сыныптан сыныпқа көшіп жатқан мектеп оқушыларына 2000-ға жуық балмұздақ, сонымен қатар попкорм, қант ватасы, жеміс шырындары, сусындар секілді тәттілер үлестіріліп, ойынсауық ұйымдастырылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасө қызметі