Имамдарға «Халал – шариғат талабы» атты семинар өтті 3251

Имамдарға «Халал – шариғат талабы» атты семинар өтті

03 наурыз 2024 638 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Халал – шариғат талабы» тақырыбында аймақтық-танымдық семинары өтті.

Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұйымдастырылған семинарға қала және аудан мешіттерінің бас имамдары қатысты.

«Халал стандарты» дегеніміз – бірінші кезекте өнімнің шариғат үкімдеріне сай болуы. Халал үкімі тек тағамға ғана тән десек қателесеміз. Халал индустриясына – тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, білім беру және денсаулық саласы, қаржы-қаражат т.б барлығы жатады. Нақтырақ айтқанда, халал стандартын қажет етпейтін құрылым жоқ. Осы орайда халал стандарттың шариғи үкімін де білген дұрыс. Себебі аят-хадис адам баласын харамнан аулақ болуға үндейді. Үлкен білім иесі ибн Касир: «Харам етілген дүниелерді пайдалану құлшылықтың қабыл болмауына соқтырады», – деген Алмат Әлиұлы халал мен харамды ажырата білу ауадай қажет екендігін және халал стандарты талаптары мен ерекшеліктерін жеткізді.

Сонымен қатар, жергілікті имамдарға өңірде халал жөнінде ақпарттандыру жұмыстарын жетілдіріп, үгіт-насихат шараларын арттыруды тапсырды.

Семинар барысында кәсіпорындарға қалай тексеріс жұмыстары жүргізілетінін, халал сертификаттары қалай берілетінін және енгізілген өзгерістер төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, табиғи қоспалар және доңыздан өндірілген түрлі заттардың діни және ғылыми негіздерге сүйеніп, харамдығын дәлелдеп берді.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі