Бөлім басшысы шәкірттерге дәріс оқыды
Өткен аптаның бейсенбі күні ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы «Ақтөбе» медресе-колледж студенттеріне дәріс оқыды. ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі мен медресе басшылығының ұйымдастыруымен Бас мүфти бекіткен биылғы басымдық берілетін маңызды 7 бағыттың бірі «Ихсан ілімі – Рухани тәрбие» аясында «Діни мәтіндерді дұрыс қолдану атты оқыту семинарын өткізді. Таң сәріден кешке дейін жалғасқан дәрісте РАНТ мүшесі Сансызбай қажы Шоқанов болашақ дін мамандарына қазіргі таңда шариғат діни мәтіндерін ойыншық қылып, оны онды-солды өз қалауына пайдаланып жүрген жамағаттың қателіктерінің негізгі себептерін баяндай келе, Құран мен сүннеттен үкім шығару жолдары мен ғалымдардың құқық негіздері (усул әл-фиқһ) пәні бойынша жазып кеткен қағидалар жиынтығын егжей-тегжейлі түсіндірді. Шәкірттер өздерінің көкейде жүрген сан-алуан сауалдарын ғалым ұстазға қойып, үкім шығару мен пәтуа берудің өте нәзік мәселе екенін тереңінен ұғынды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі