АҚТӨБЕ: ЕКІ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТЫН ЖАҢАРТТЫ
ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің Ақтөбе облысына жауапты технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы Ақтөбе қаласындағы сертификатты қайта жаңартқан кәсіпорындарға сертификат табыстады. Атап айтқанда, «Hamza halal et onimderi » ет дүкені, ТОО Азия ингредиент «КПИ» кондитерлік өнімдер сертификатталды.
«Аталған кәсіпорындар аумағында мамандар тарапынан тиісті аудит шаралары жүргізіліп, тексерістің оң қорытындысынан кейін ғана сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Алдағы уақытта сертификатталған кәсіпорындарда аудит шаралары орындалып тұрады», – деді технолог маман.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі