Ақтөбе: Қаланың Бас имамы қарттарды Мәуліт мерекесімен құттықтады
ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы қарттар үйіне зиярат жасады.
Мәуліт мерекесінің құрметіне орай қариялардың хәл-жағдайын білген мешіт ұжымынан өзге өңірлік танымал термеші, жырау Әділбек Сарин өнердегі шәкірттерімен бірге ақын-жыраулардың термелерінен шашу шашып, қариялардың көңілін бір серпілтті.
Сондай-ақ Ақтөбе қалалық орталық мешітінің молдасы, ақсақал Жайылхан Әбдісаламов замандас жолдастарына жылы лебізімен демеу берсе, қаланың Бас имамы «Жүрек тыныштығы» тақырыбында насихат айтты.
Іс-шара соңында қарттар үйіне екі кір жуғыш машинасына тарту етілді. Мекеме басшысы игі шараға мұрындық болған мешттің бас имамы мен демеушілік танытқан азаматтарға өз алғысын білдіріп, рахметін жеткізді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі