Хромтау: Әйел жамағатына семинар ұйымдастырылды 3703

Хромтау: Әйел жамағатына семинар ұйымдастырылды

20 қыркүйек 2024 114 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Пайғамбар шаңырағының тәрбиесі» атты әйел жамағатына семинар өтті. 

Семинардың негізгі мақсаты – бізге үлгі екі дүние сардары Пайғамбарымыз(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)шаңырағында көрсеткен тәрбие, көркем үлгілерді жамағатқа Мәртөк аудандық мешітінің ұстазы Гүлсара Әлібекқызы насихаттай отырып, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)таныту болды.

Рухани шара уағыз-насихатпен басталды. Сонымен қатар семинар сұрақ-жауап түрінде қызықты пікірлермен жалғасты және де шәкірттер қойған сұрақтарға жауап берілді. Іс-шара соңында мешітіміздің жамағатына дастархан жайылып сыйлықтар таратылды

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі