Хромтауда Пәтуа сағаты өтті
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы «Пәтуалар жинағы» атты кітабынан мұсылманның күнделікті тұрмыс-тіршілігі мен құлшылығына қатысты көптеген мәселелердің түйіні баяндалды.
Айта кетсек, әр жұма сайын аудандық мешітте жамағат арасында туындаған шешімін таппай жүрген сұрақтарға жауап беру, көпшілікке шариғи үкімдерді таныстыру мақсатында «Пәтуа сағаты» өтеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі