Желаяқтар сайысында «Нұр Ғасыр» шәкірттері жеңімпаз атанды 3701

Желаяқтар сайысында «Нұр Ғасыр» шәкірттері жеңімпаз атанды

20 қыркүйек 2024 116 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі және Ақтөбе қаласы «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы КММ» ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Ақтөбе қаласы мешіттері арасында жүгіруден жарыс өтті.

Аталған сайысқа облыстық мешіттің наиб имамы Мәди Орынбай жетекшілік етіп, мешіт шәкірттерін қатыстырды. Жарыс қортындысы аясында 30 қатысушы арасынан І, ІІ, ІІІ орынды шәкірттер иеленіп, үздік жеңімпаз ретінде танылды. Сонымен қатар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Айта кетсек, жарыстың мақсаты: жамағат арасында ауызбіршілік пен татулықты насихаттау.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі