Ақтөбе: 60 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді
«Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы негізінде жүзеге асқан шараға Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы мұрындық болып, көмекке мұқтаж 60 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Шара барысында 480 599 қаражат негізінде 720 кг қажетті азық-түлік қамтылды. Іс-шара қортындысында қаланың Бас имамы аталған қайырымдылық акциясына атсалысқан әрбір азаматқа ерекше алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі