Ұстаз: Қазақтың дәстүрі мен ислам дінін бөліп қарауға болмайды 2451

Ұстаз: Қазақтың дәстүрі мен ислам дінін бөліп қарауға болмайды

06 ақпан 2023 110 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында 5 бағыттың бірі – «Жат діни ағымдардан сақтандыру» аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Атап айтқанда, Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «№4 ЖОББМ» КММ-де «Қазақтың дәстүрі мен ислам дінін бөліп қарауға болмайды» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіп, оқушылар тарапынан «Дәстүрдің исламдағы орны қандай?», «Дін мен дәстүрге байланысты қандай кітаптар бар?» сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Түсіндірме жұмыстары жыл бойы жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі