«Ислам және ізгі қоғам»: Кимешек тігуден шеберлік сағаты ұйымдастырылды 2450

«Ислам және ізгі қоғам»: Кимешек тігуден шеберлік сағаты ұйымдастырылды

06 ақпан 2023 362 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілділігінде «Әйел-қыздар» секторының жоспарына сәйкес, «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында 5 бағыттың бірі – «Дін мен дәстүр» бағыты аясында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен «Бақытжан» мешіті ұстаздарының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған шеберлік сағаты өтті. 

Аталған шеберлік сағатына ақиық ақын М.Мақатаевтың

«...Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,

Ақ кимешек жоғалса...

Нені көрем???», -атты өлеңі арқау болды.

Ұлттық салт-дәстүрді ұлықтап, ақ жаулықты дәріптеу мақсатында өткен игі шараға 40 тан астам қыз -келіншектер қатысты .

Кеш барысында ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кушкарова «Исламдағы ақ жаулықтылардың мәртебесі» туралы айтып, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Айнұр Мырзабаева «Әйелдің қоғамдағы рөлі», ал «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова «Кимешектің дәстүрдегі орны мен шығу тарихы» дін мен дәстүрге шолу жасап, тарихына тоқталды.

Шеберлік сабақта бағыт-бағдар беріп жетекшілік жасаған Ақтөбе қаласының он саусақтан өнер тамған шеберлері @kerim_qoloner брендінің негізін салушы Әйгерім Жуламанова, @ayaulym_collection__ Ақтоты Болаткызы модельер-конструктор, «Banu Ibrayim» брендының негізін қалаған Бану Ібрайымқызы және Гүлдара Бақытқызы өз үлестерін қосты .

Шараға қатысушылар кимешек тігудің қыр-сырын үйренді. Ұйымдастырушылар мен шеберлерге шеберлерге алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жалғасын тапса екен деген тілектерін білдірді.

Одан өзге ұйымдасырушыларға шеберлерге «Әйел-қыздар» секторының атынан сыйлық тарту етті.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі