Шалқарда жамағат арасында футболдан турнир өтті
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің бас имамы Абзал Медетбековтың ұйытқы болуымен 5 бағыттың бірі – «Ислам және ізгі қоғам» аясында мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир өтті.
Ауданның бас имамы: «Алла Тағала адам баласын басқа барша жаратылыстан ерекешелендіріп, ақыл мен сана беріп, бойын тіктеп, көркем түрде жаратты. Айта берсе сөз жетпейтін көптеген артықшылықтар берді. Оның бәрін шариғат тілінде «нығмет» деп атайды. Сол нығметтердің бірі – денсаулық. Сол себепті де үнемі денені шынықтырып, берілген нығметтің қадірін білейік!» – деп сөзін жалғастырды.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау сондай-ақ жамағаттың ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен шара барысында мешіт жамағаты алты топқа бөлініп бақ сынасты.
Сайыс соңында ауданның Бас имамы Абзал Медетбеков пен наиб имам Наурызбаев Ерлан жеңімпаздарды марапаттады.
Қортынды бойынша I орынды «Жанаман ахун» командасы (15 000 тг), II орынды «Дәуірхан» командасы (10 000 тг), «Орынбасар» командасы III орынды (5000 теңге) иеленді Одан өзге ойын барысында үздіктеп танылған ойыншылар арасынан «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Ұздік ойыншы» деген номинациялармен марапатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі