Сектор жетекшісі  Мәртөк ауданына барды 5061

Сектор жетекшісі Мәртөк ауданына барды

08 December 2025 70 Оқу 1 минут

Мәртөк ауданының Бас имамы Нұрберген Қазеновтың  мұрындық болуымен бастауымен әйел жамағатына рухани кеш ұйымдастырылды.

Шараға Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова қатысты.

Сектор жетекшісі «Ислам және отбасы құндылығы» жылының қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар исламдағы әйел адамның мәртебесі туралы насихат айтты.

Одан өзге кеш қорытындысында ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Жамағат ұйымдастырушыларға жамағат алғысын білдіріп, әжелер батасын берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі