Шалқар ауданында «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсының 2 – легі аяқталды. 3455

Шалқар ауданында «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсының 2 – легі аяқталды.

21 шілде 2024 924 Оқу 1 минут

Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің жанындағы Шалқар қайырымдылық мекемесінде маусым айының 26 – шы жұлдызында басталған «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсының 2 – легі бүгін өз мәресіне жетіп, бала шәкірттермен қоштасу кеші өтті.Ер балалардың жазғы сауат ашу курсының  қорытынды марапаттау рәсіміне Шалқар қалалық "Жанаман ахун Сейітімұлы "мешітінің имамы Асан Жетписбаев қатысып, шәкірттерге ілім үйренудің артықшылығы, қасиетті Құран Кәрімді оқып, оған амал етудің дүние және ақыреттегі дәрежелері, ата-анаға жақсылық жасау туралы насихат айтып, жасөспірімдерді жігерлендірд.

Ал, қыз балалардың қорытынды марапаттау  кешін Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы " мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай және өндірістік іс - тәжірибеден өтуші шәкірттер ұйымдастырды. Сондай-ақ, практикадан өткен "Сарыағаш медресе колледжі" - нің 2 - ші курс студенті Мәжиева Айымға Шалқар ауданының бас имамының алғыс хаты табыс етілді.

1 ай бойында сауат ашу курсында үздік оқып, ерекше ынтасын көрсеткен барлық қатысушы ер және қыз балаларға арнайы сертификаттармен  бірге ойыншықтар және тәттілер тарту етілді.  

Игі шара дастархан басында жалғасын тауып,  шәкірттермен өткен  дәрістер бойынша қорытынды жасалды.

Биылғы жылы Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсының 2 – легіне 40 ер бала және 23 қыз бала қабылданған болатын. Бала шәкірттер 20 күн ішінде «Құран әліппесі» және «Имандылық әліппесімен» танысып, «Тәрбие дәрістерін» тәмамдап шықты. 

Айта кетейік, жалпы 2024 жылғы жазғы сауат ашу курсын Шалқар ауданы бойынша 62 ер, 48 қыз бала тәмәмдады. 

 Алла Тағала бүлдіршіндеріміздің ілімдерін арттырып, ел мен діннің дамуына үлес қосатын азаматтардан етсін!