Қасиетті айдың құрметіне 100 отбасыға көмек жасалды 3206

Қасиетті айдың құрметіне 100 отбасыға көмек жасалды

13 ақпан 2024 1174 Оқу 1 минут

Қасиетті Ережеп айының құрметіне орай, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының жоспарына сәйкес «Қайырымды жұма» акциясы негізінде Ақтөбе қалалық орталық мешітінде 100 отбасыға қайырымдылық жасалды.

Аталған іске мұрындық болған жергілікті кәсіпкер апайымыз, демеушілік жасап 2 тоннаға жуық азық-түлік тарту етті.

Қайырымдылық шарасына Ақтөбе оьлыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Серікжан Еншібайұлы және облыстық және қалалық орталық мешіттің ондық алқа мүшелері арнайы келіп қатысты.

Өзінің игі жақсылығында Алланың ғана разылығын көздеп, аты-жөнін атамауды өтінген апайымызға Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев ерекше алғысын білдіріп, кәсібіне береке, жақсылығына сансыз сауаптар болуын тіледі.

Осы орайда айта кетейік, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім мұсылман бауырының қажетін өтесе, Алла тағала ол адамның қажетін Өзі өтейді» - деген. Ендеше, зекет пен садақа мал-мүлкіңізді азайтпайды, керісінше өзгелердің қажетін өтеп,мұң-мұқтажын сейілту арқылы істеген әр ісіңізге берекесін кіргізбек.

Алла тағала жомарт жандарымызға разы болғай!



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі