Шалқар ауданында «Бір кәсіпті меңгер» тігін курсының 4 легі басталды.
Тігін курсының 4 легінің ашылу рәсіміне Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы " мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай қатысып, тігін шеберханасының жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Ислам дініндегі еңбек етудің маңыздылығына тоқталды.
Қыз-келіншектерге арналған тігін курсы ақысыз, оқу ұзақтығы 3 айға созылады.Бүгінде курсқа 16 қыз-келіншек жазылған. Курс бағдарламасында тігінші Гүлбану Ібрайымқызы шәкірттерге юбка, кофта, көйлек, шалбар бұйымдарын пішіп, тігіп үйрететін болады.
Айта кетейік ,осы уақытқа дейін 50 ден астам қыз - келіншек тігін курсын аяқтап, оның 40 - ы үздік сертификаттармен марапатталды.