Шалқар: Ауданның Бас имамы бірнеше ауылға арнайы іс-сапармен барды 2506

Шалқар: Ауданның Бас имамы бірнеше ауылға арнайы іс-сапармен барды

20 ақпан 2023 141 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында бірнеше ауылға арнайы іс-сапармен барды.

Алдымен шалғайда орналасқан Шілікті, Тоғыз ауылдарына атбасын бұрған ауданның Бас имамы жергілікті мешітке барып, ондағы ахуалмен танысып, құлшылық үйінің жұмысын жандандыру, уағыз-насихат, қайырымдылық бағытындағы шараларды күшейту жөнінде дін мамандарына тапсырмалар берді.

«Сапарымыздың мақсаты – шалғай ауылдардағы мешіттердің ахуалын білу. Жергілікті халықпен етене танысу. Осыған байланысты осы аталған ауылдарға арнайы келіп отырмыз. Мешіт – тәрбиенің, сонымен бірге, білімнің, бірліктің ошағы», - деді Абзал Медетбеков.

Сонымен қатар жергілікті мектептерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, көптеген мақал-мәтелдерін, шариғатпен ұштастыра отырып, мектеп ұстаздары мен оқушыларға және ауыл тұрғындарына кеңінен түсіндірді.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, ҚМДБ-на қарасты имамдарының айтылатын уағыздарының басты мақсаты – әрбір жас ұрпақ салтын сүйсе, халқын сүйеді, еліне адал қызмет етеді емес пе? Әрі тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімін білдірсе»- екен деп тілейді деп маңызыдылығын түсіндірді.

Одан өзге Қауылжыр ауылдық окуругіне барып, тұрғындармен жүздесті. Жергілікті ауыл әкімдігінің ғимаратында халықпен кездескен ауданның Бас имамы өңірдегі діни ахуал, дін мен ділді, ұлттық тәрбиені, береке-бірлікті дәріптеудегі аға буынның рөлі туралы айтты.

«Мешіт – ортақ құндылық. Ислам да солай. Оны дәріптеу дін қызметкерлерінің ғана міндеті емес, бұл – тұтас қоғамның міндеті. Рухани қуатты, дініне берік, білімді ұлттың болашағы қашан да жарқын болады. Баршаңызды осыған шақырамын»,-деді кездесу қортындысында Абзал Қондыбайұлы.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі