Сенбілік тазалық жұмыстары жүргізілді 3607

Сенбілік тазалық жұмыстары жүргізілді

09 қыркүйек 2024 189 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде сенбілік тазалық жұмыстары жүргізілді. 

Қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының бұлтартпас борышы. Осы орайда «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисті ту еткен мешіт қызметкерлері мен жамағаты имандылық ордасының ажарын аша түсті.

Жылдағы үрдіс бойынша тазалық жұмыстары жасалып, қорытындысында мешіт, дәретхана және Алла үйінің ауласындағы көгал түрлі қоқыстардан тазартылды.

Тазалық жұмыстарына жұмыла атсалысқан жамағатқа мешіт имамдары ризашылықтарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі