Сауат ашу курсының балалары ойын-сауық орталығына барды
Ақтөбе қалалық орталық мешітінінде өтіп жатқан жазғы сауат ашу лагерінде балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланды.
1-маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекеге орай 60 шәкірт «SkyPark» ойын-сауық орталығына барып, уақытты тамаша өткізіп, түскі ас ішіп көңіл көтерді.
Мақсат- балаларға имани тәрбиемен қатар, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауды үйретіп, өзгелермен жақсы мәміле жасаудың құндылығын үйрету. Өйткені, Алла Елшісі: « Шынайы мұсылман- қолымен де, сөзімен де ешкіме зиян тигізбейтін адам» деп мүміннің нағыз бейнесін түсіндірген.
Осыған орай, балаларға шынайы мұсылман болып, алған білімі мен тәрбиесін өзгелерге көркем мінезі мен жақсы қарым-қатынасы арқылы көрсете білу қажет екендігін ұғындыру.
Сондай-ақ, ұстаздар қауымы балаларға тәттілер таратып, мереке лебін сезіндірді.