«Көшпелі уағыз-насихат»: Имамдар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді 2493

«Көшпелі уағыз-насихат»: Имамдар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

16 ақпан 2023 107 Оқу 1 минут

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында діни тұрақтылықты сақтау мақсатында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында Хромтау ауданында «Әл-Латиф» мешітінің имамы Қанат Қасымов пен Мәртөк ауданының бас имамы Зарлық Ералин аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, ақ халатты абзал жандарға ізгі қоғам және жат ағымнан сақтану туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар Қобда ауданының Бас имамы Абай Шимболатов пен «Қайырқожа» мешітінің имамы Шыңғыс Құлшаров аудандық мұражай қызметкерлерімен жүздесіп, діни басқарма бекіткен 5 бағыт аясында және ДТКБК жұмысшыларымен кездесуде «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында түсіндіріп өтті.

Одан өзге кездесуге қатысушылар имамдарға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Айта кетсек, ауданда «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы 2 күн жалғасын табады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешетінің баспасөз қызметі