Сауат ашу балаларына Шалқар көліне саяхат ұйымдастырылды 3415

Сауат ашу балаларына Шалқар көліне саяхат ұйымдастырылды

13 маусым 2024 257 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында «Имани жаз – 2024» жазғы діни сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттерді ынталандыру мақсатында Шалқар көліне саяхат ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның жұмыс бағытының бірі «Діни оқу ағарту» саласы екені белгілі. Осы бағыт аясында шәкірттер жазғы сауат ашу курсында тәлім алуда. Мешіт ұстаздары жас буынның ойлау, таным жүйесін арттыру мақсатында бүлдіршіндерді Шалқар көліне апарып, катараманмен серуен ұйымдастырды.

Айта кетейік, табиғат аясындағы серуеннің қауіпсіздігін мешіт ұстаздары қадағалап, арнайы ережелерді түсіндіріп өтті.

Шәкірттерге саяхат барысында катамаранмен серуендеуден бөлек табиғат аясында сұрақ-жауап өткізілді. Сабақты үзбей оқыған талапты шәкірттер сұрақтарға мүдірмей жауап берді.

Осындай болашағымыздың игілігі үшін балаларға жасалған игі шарада бүлдіршін шәкірттер  дән риза болып, ұстаздарына алғыстарын жаудырды.