Ақтөбе: «Ізгі қоғам» кабинеттері ашылды 2747

Ақтөбе: «Ізгі қоғам» кабинеттері ашылды

31 мамыр 2023 306 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында биылғы 2023 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын бекітіп, 5 бағыт аясында бірқатар тапсырмалар берген болатын. Аталған жұмыс бағыттарының бірі – «Ізгі қоғам» бағыты.

Бағыттың мақсаты – халық арасында өнегелі, тәрбиелі, иманды әрі жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаратын қоғам жасап шығару. Сондай-ақ ата-баба өсиет еткен отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың арасындағы бұзықтықты жою, арақ, темекі, наша, құмар ойындар секілді жаман қылықтардың алдын алу. Ажырасу мәселесі, некелесуші жұптарға кеңес беру секілді ізгі қоғамды қалыптастыратын насихат жұмыстарын өткізіп, халық арасында кең көлемде насихатталуын жүргізу.

Осыған орай, ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде және аудан мешіттерінде «Ізгі қоғам» кабинеттері ашылды.

Арнайы діни қызметкерлер бекітіліп, жоғары  білімді діни мамандар ақыл-кеңес беріп, келушілерді қабылдауды бастап кетті.

Аталған кабинеттер алдағы уақытта облысқа қарасты қалған қала, аудан мешіттерінде ашылатын болады.


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» 

мешітінің баспасөз қызметі