Құрбан айт құрметіне орай 100 отбасыға 3 тонна азық-түлік берілді
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ізгі шараға Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Алмат Әлиұлы мен дін қызметкерлері қатысты. Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға жарты тонна азық-түлік себеттері үлестірілді.
Бұл игі шарада Бас имам Серікжан Еншібайұлы ҚМДБ-ның атқаратын бағыттарының, бірі қайырымдылық, екенін айта отырып, демеушілік көрсеткен бауырымызға алғысын білдіріп, осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді. «Сынаққа сабыр ету – мұсылманның сипаты. Қиындыққа еш мойымаңыздар. Бала-шағаларыңыздың қызығын көріңіздер. Сіздердің отбасыларыңызда елім, жерім дейтін салиқалы азаматтар өсе берсін», - деп облыс бас имамы жиналған көпшілік қауымға батасын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспсөз қызметі